БӘРІ ДЕ КӘСІПКЕРЛІКТЕН БАСТАЛДЫ

49

0

Жақында ҚР Тұтынушылар қорғау
агенттігінің Қызылорда облысы бойын­­ша департаментінің бастамасымен Сырдария
ауданында «Мықты бизнес – қуатты мемлекет” тақырыбында семи­нар-кеңес болып
өтті. Семинарды Қызылорда облысының кәсіпкерлер па­латасының Сырдария аудандық
филиалы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен «Сырдария-Нұр­дария”
қоғамдық қорлары бірлесіп ұйымдастырды. Онда тағам нысандарын­да санитарлық
талаптардың сақ­талуы, тұ­­тынушылардың құқықтарын қорғау, шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау, са­нитарлық-эпидемиологиялық салауат­тылықты қамтамасыз
ету сарапқа салынды.

Аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төраға­лығы­мен
өткен осы бір игілікті шараға ауыл әкімдері, кәсіпкерлер, құқық қорғау мен
қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, өзара пікір алысып, ой бөлісті.

– Шағын және орта бизнесті дамыту – ел
экономикасын арттырудың бірден-бір сара жолы, – деп сөзін бастаған аудан әкімі
Елбасы Жолдауындағы бизнесті мейлінше дамыту, кәсіпкерлерге барынша қолдау
қажеттігі жайлы егжей-тегжейлі баян етті. Тұтынушылар құқын қорғау да бүгінгі
күн тәртібінде тұрған басты мәселе.

– Еліміз Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып отырған қазір­гі кезеңде, – деді сөз кезегінде облыс­тық
тұтынушылар құқын қорғау де­пар­таментінің басшысы Р.Нұртаев, – азық-түлік
өнімдерінен алыс-беріс бол­ған­дықтан оның сақталу мерзімі мен тасымалдануына,
сапасына барынша назар аударылуы қажет. Сондай-ақ, жоғарыда айтқандай,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау да күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Семинар-кеңес барысында күн тәртібіндегі
мәселеге байланысты хабарлама жасаған аудандық тұтынушылардың құқын қорғау
басқармасының басшысы Д.Жаңабергенова тұтынушылардың құ­қықтарын қорғауға
қатысты мәселелерді толықтай мәлім етті. Нақтылай айтар болсақ, «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау жөніндегі” Заң әлемдік әдістерге сүйене отырып, жаңадан
дайындалуда. Жаңа заңда тауарлар алуға, оның сапасын бақылауға, тауарларды
қайтып алу мен айырбастауға қатысты мәселелер мен тұтынушылардың құқық­тарын
қорғау жөніндегі міндеттер айқын­далмақ. Екіншіден, санитарлық-эпиде­миологиялық
қадағалауды жетіл­діруді қолға алу қажет-ақ. Яғни, Елбасының Жарлығы негізінде
биылғы жылдың сәуір айынан бастап, 2015
жылдың 1-қаңтарына дейін орта және кіші бизнес субъектілерін тексеруді шектеу
жарияланды. Өздеріңізге мәлім, әкімшілік кедергілерге, құқық бұзушылықтарға
итермелеуге әкеліп соқтыратын қолда­ныстағы санитарлық талаптарда қыз­мет
түрлері мен тағам өнімдерінің қауіп­сіздігіне сәйкес жеңілдіктер қарас­тырылып,
орта және шағын кәсіпкерліктің өркен жаюына жағдай туғызбақ.

Үшіншіден, басты назарға тағам
өнімдерінің қауіпсіздігі алынып отыр. Осыған байланысты санитарлық және
санитарлық-ветиринарлық талаптардың бірін-бірі қайталамауы мен кәсіпкерлерге
әкімшілік кедергілерді азайту, ішкі рынокты қауіпті өнімдерден қорғау қолға
алынбақ.

Төртіншіден, санитарлық-эпидемио­логиялық
және тұтынушылардың сараптау жүйесін жетілдіру жайы. Ал, бесіншіден,
эпидемиологиялық жағдайды жетілдіру қажет. Өйткені, елімізде халық­тың
эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Бұл орайда, жұқпалы ауруларға тұрақты түрде бақылау жүр­гізу керек.
Осыған байланысты санитар­лық-эпидемиологиялық паспорттарды дайындауда
мониторинг және болжамдар жүргізуге, тәуекелдерді бағалау, төтенше жағдайлар
орын алған жағдайда жедел түрде жоюға дайындығын ақпарат­тандыратын ақпараттық
жүйе құрылмақ.

Алтыншыдан, тұтынушылардың сауалдарына
жедел түрде жауап беру мақсатында электрондық үкімет арқылы жүзеге асырылатын
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпарат­тық-коммуникациялық жүйе”
іске қосылмақшы.

Алқалы жиында Қызылорда облы­сының
кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалының директоры А.Серекеев,
аудан прокуроры А.Тәженов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм
бөлімінің басшысы М.Нұртазаев сөз алып, кәсіпкерлерді қолдауға, олардың
заңдылықты сақтауға байланысты ұтымды ұсыныс-пікірлері ортаға салынды.

Өздеріңізге мәлім, еліміз қуатты
мемлекет болуы үшін кәсіпкерлікті де барынша дамыту қажет-ақ. Бұл орайда отандық бизнестің орны бөлек. Ал, жергілікті бизнесті дамыту
– өз алдына бір төбе. Демек, кәсіпкерлікті дамытудың барлық қырларын жоспарлы
түрде жүйеге келтіру – бүгінгі күннің басты талабы.

 

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Сырдария ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз