Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды

651

0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім етті. Бітімгерлердің жалпы саны 2500 адам», – делінген хабарламада. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысына ерекше тоқталып өткен болатын. «Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ»,-деді Президент.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<