Дебатқа түсетіндер тізімі бекітілді

964

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясының күн тәртібі мен облыс бойынша Мәжіліске үміткер ретінде дебатқа түсетін қатысушылар тізімі бекітілді.

Праймериз Ережесіне сәй­кес Қазақстан Респуб­ли­­­­­­касы Парламенті Мәжі­лі­­­­­сі­нің партиялық тізіміне кан­­­­­ди­даттар облыстық кон­фе­рен­­­цияда өткізілетін дебат­қа қаты­сып, іріктелуі тиіс. Пар­тия филиалдарының кон­­фе­рен­­­цияларын өткізу жө­нін­дегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір аудан Мәжілістің пар­тия­лық тізі­міне дебатқа 1 қатысушыны ұсынады.

Тізімге аудандық және қалалық конференциялардағы дебаттардың жеңім­паз­дарымен қатар Мәжілістің қызметтегі депутаттары да  қосыла ала­тындығы айтылды.

Бүгінгі күні ау­дан­дық және қалалық кон­ференциялардағы дебат­тар­дың жеңімпаздары анық­талып, Мәжіліске үміт­кер ретінде дебатқа қатысуға 10 аза­мат ұсынылды. Олардың 7-і аудандардан және облыс ор­та­­лығы өңір өкілдігінің кво­тасына сәйкес қаладан 3 аза­мат,  сондай-ақ, мәжілістің қыз­­мет­тегі депутаты Балайым Кесе­баева дебатқа қатысуға өті­ніш беріп отыр. Облыстық конференцияда Мәжілістің  пар­­тиялық тізіміне үміткер 11 азамат дебатқа түседі, – деді  облыс­­тық партия филиалының төрағасы.

Жиында аталған үміт­керлерді партия филиалы төр­ағасының бірінші орын­басары Ләйлә Төрешова та­ныстырды.

Саяси кеңес Бюросының күн тәртібіндегі мәселелер то­лық қаралып, тиісті қау­лылар қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<