Елімізде 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады

281

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында азаматтардың жүріп-тұруы бойынша нақты шектеу шаралары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, мынадай шешім қабылданып отыр:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшеде, саябақта, скверде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз