Еңбек ауылындағы ерекше той

626

0

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз – Наурыз мерекесі Жалағаш ауданы Еңбек ауылында да тойланды. Мерекелік іс-шараларды ауыл әкімі Қайролла Қалданов ашып беріп, ауыл тұрғындарына лебізін білдірді. Ауылдағы мекемелердің дайындаған наурыз көжесі таратылып, дастарханнан ұлттық дәм ұсынылды.

Ауыл тойының ерекшелігі Ұлттық мерекеге орай түрлі сайыстар болып өтті. Әйелдер мен ерлер арасындағы қазақша күрес, қой көтеру жарысы, 50 келілік қант көтеру, арқан тарту, қол күресі ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырлды. Мұнан бөлек, отбасылық жұптардың қап пен секіру сайысы да өтті.
Ауылдағы 7 мекеме арасында салт-дәстүрден көрініс қою, наурыз көже пісіру сайыстары да ұйымдастырылған.

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген «Еңбек-жер » ЖШС-нің басшысы Шакизатхан Әбдіқаппарұлының демеушілігімен барлық сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйлық берілді.

Мұнан бөлек, ауыл ақсақалдарымен ақ жаулықты аналар және қонақтарға «Асылзат» мейрамханасында арнайы ас берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<