Еркебұлан Дайыров «Үздік Азия актері» атанды

513

0

Белгілі актер Еркебұлан Дайыров CANNES FILM AWARDS фестивалінің «Үздік Азия актері» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күнбағыс» фильмі 8 маусым күні Cannes Film Awards халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын.

Аталған номинация Еркебұлан Дайыровқа «Күнбағыс» көркем фильміндегі рөлі үшін берілген.

Режиссер Эля Гильман түсірген «Күнбағыс» көркем фильмде отбасындағы ересек адамдардың мәселесін шешуге тырысқан, интернетке тәуелді 14 жастағы жасөспірім туралы баяндалады.

л

Қуанышты жаңалықты естіген сәтте актердың өзіне қоңырау шалып, құттықтадық.

«Рахмет! Дегенмен сұрақтарыңызды фильмнің режиссеріне қойғаныңыз жөн болар еді. Өйткені, еңбектің бәрі сол кісілердікі», дейді Еркебұлан Дайыров.

Өкінішкен қарай, фильмнің режиисері Эля Гильманмен сөйлесу мүмкін болмады.

Айта кету керек, «Күнбағыс» картинасы бірнеше халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері атанған. Бұған дейін аталмыш фильм Venice Film Awards фестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығын; WRPN Women’s International Film Festival фестивалінде «Керемет шеберлігі үшін» сыйлығын (2020); White Nights Film Festival байқауында Қазылар алқасының арнайы сыйлығын (Санкт-Петербург, сәуір, 2021) және тағы да басқа жүлде алған.

Отандық актердың жеңісіне қуанған жұрт әлеуметтік желілерде Еркебұлан Дайыровты жарыса құттықтап жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<