Есірткісіз өмір ғажайып

289

0

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға


Жастық шақ — ең бір қызықты кезең. Өмірдегі ең қызықты, маңызды сәттер осы уақытта өтеді. Мұғалім тәрбие сағатында есірткінің зияны туралы айтты. Ғасырлар бойы адамға қауіп төндіріп келе жатқан індет жөнінде мол мағұлмат алдық. Әсіресе қазір есірткінің синтетикалық түрі жастар арасында кеңінен тарап барады екен. Қауіптілігі сонша адамды түрді неврологиялық және басқа да ауруларға апарады.

Бірде мұғалім алдымызға екі сурет қойды. Бірінде ата-ана анамызбен бірге өткен бақытты сәт, ал екіншісінде есірткі салдарынан құр сүлдері қалып, өмірі қор болған адам бейнеленген. Біз бұл суреттерге ұзақ қарадық. Мұғалім бірін таңдауымызды сұрады. Мен ата-анаммен бірге түскен суретті таңдадым. Себебі мен есірткісіз ғажайып өмір сүргім келеді. Жақындарымнан да қол үзгім келмейді. Денсаулығыма да қауіп төнгенін қаламаймын. Басты байлық — менің амандығым, саулығым. Менің кішкентай жетістігіме жақындарымның қалай куанатынын көрсеңіз. Баладай мәз болады. Ертең үлкен азамат, жақсы маман болсам олардың да мерейі үстем болары сөзсіз. Ұстаздардың да үмітін ақтау керек. Абай атамыз «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық аздырар адам баласын» деген. Мектепте ұстаздарымыз, үйде ата-анамыз бізді жат қылықтан аулақ болсын деп бәйек болады. Түрлі ақпараттар беріп, зиянды дүниелермен таныстырады. Бізге тек зейінді, сенімді ақтайтын оқушы болу ғана қалды.

Менің таңдауым — есірткісіз өмір. Достарымды да салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттермен күресуге шақырамын.

#есірткігеқарсыбайқау

Мұратбек МИРАМБЕКОВ,

№199 орта мектептің оқушысы,

Төребай би ауылы,

Қармақшы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<