«Халық заңгері» Жалпыреспубликалық акциясы өтті

210

0

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Сыр елінде де ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен акцияға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 40-тан астам кеңесші маман қатысып, 200-ден астам азаматқа кеңес берді.

Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Айта кету керек, акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<