Кәсіпкерлердің 446 жобасы қаржыға ие болды

270

0

Фото: ашық дереккөз

Жалағаш ауданының 2022 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3084 бірлікті құрап, 20,7 пайызға, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 557 бірлікке немесе 23,8 пайызға артты.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында іске асырылуда. Бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі – ұлттық жоба шеңберіндегі қаржылық қолдау. Есепті жылы аудан бойынша 3 млрд. 212 млн. теңгені құрайтын 446 жоба қаржыландырылып, 462 адам жұмыспен қамтылды.

Қызыл мия тамырын өңдеу зауытының жұмысын жандандырып, қайта іске қосу жұмыстары жүргізілуде.Бүгінгі күні Қытай Халық Республикасынан қажетті газ қондырғысының жабдықтары әкелініп, нысанның жылу жүйесі табиғи газ отынына көшірілді. Қазіргі таңда мия зауытында 15 адам тұрақты жұмыс жасауда. Жұмысты бастау үшін зауытта қажетті мия тамырының қоры бар. Зауыт ағымдағы жылдың ақпан айында толық іске қосылып, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

2022 жылы «Адима» жеке кәсіпкері «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруды қолға алды. Кәсіпкер полигон құрылысы үшін берілген уақытша жер учаскесінен жер алып, жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта цехта 2 адам жұмыспен қамтылған. Цех сағатына 150 кг өнімді өндіреді. Ауданда антифриз өндірісі қолға алынды. Жоба құны – 15 млн теңгені құрайды. Жеке кәсіпкер Асхат Ермекбаев 2022 жылы Ұлттық жоба аясында грант және жеңілдетілген несие алып, тәулігіне 1000 литр антифриз өндіріп, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер антифриз өніміне «СТ-KZ» сертификатын алды.

«ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығы ашылды. Негізгі қызметі диализге және трансплантацияға дейінгі ауқымды қамтиды және бүйрек ауруын емдейді.Жоба құны – 102 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<