Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал

391

0


Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде шамамен 164,3 миллион адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

145 миллионға жуық науқас індеттен жазылды, 3,4 миллион адам қайтыс болды. Сондай-ақ 1,5 млрд астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Еуропа вакцина алғандарды кіргізе бастайды. Алайда барлығына бірдей рұқсат жоқ Еуроодақ мемлекеттері Еуропалық комиссияның үшінші елдерден келген туристер үшін кірудің жаңа ережелері туралы ұсынысын мақұлдады.

ЕО елдеріне кірудің қатаң карантин ережелері туристік маусымға байланысты жеңілдетіледі. Қазір Еуропаға карантинсіз және дәлелді себепсіз тек 7 елдің азаматтарына кіруге рұқсат, оның ішінде вакцина алған-алмағанына қарамастан Австралия, Израиль және Сингапур бар. Жазға қарай Еуропа Еуропалық комиссия бекіткен вакциналардың бірін алған барлық туристерді қабылдамақ. Бүгінгі таңда BioNtech және Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson препараттары мақұлданған.

Ал Қытайдың Sinovac және Ресейдің Спутник-V вакциналары әлі де бағалау сатысында. Үндістан «қара зеңді» жеңе алмай жатыр Үндістан ауруханаларында зеңге қарсы Амфорецитин В препаратының тапшылығы сезіле бастады. Бұл – коронавирусты емдеуде қолданылатын стероидтерден пайда болатын мукормикоз инфекиясына қарсы дәрі-дәрмек. Мукормикоз – Mucorales тұқымдас зеңдердің әртүрлі түрлерінен туындаған ауру. Әдетте зеңдер қауіпсіз. Бірақ иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға, мысалы, қант диабеті, қатерлі ісік немесе АИТВ/ЖИТС-ке шалдыққандардың мұрынның шырышты қабығына, өкпеге және тіпті миға әсер етуі мүмкін.

Франция кафелер мен барларды ашады Францияда сәрсенбіден бастап кафелер, барлар, дүкендер, галереялар мен кинотеатрлар жұмысқа оралады. Ел карантин жағдайын жеңілдетіп жатыр. Бүгіннен бастап бүкіл елдегі дәмханалар мен мейрамханалардың террасаларында алты адамға дейін кездесуге рұқсат етіледі. Өткен жылдың желтоқсан айында енгізілген коменданттық сағат кешкі жетіден тоғызға ауыстырылады. Елде вирус жұқтырудың жаңа жағдайларының саны күніне 13 мың деңгейінде сақталады. Тек сәуір айының басында бұл сан 40 мыңға жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<