Кәсіпкерді қолдайтын орталық

35

0

Облыста кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы өз жұмысын
бастады. Орта­лықтың ресми түрде ашы­луына орай «Қазақстан Ха­лық Банкі» АҚ
Қызылорда облыстық филиалы ғима­ратында арнайы «дөңгелек үстел» болып өтті.

Филиал директоры Ерлан Нұртазаевтың
айтуынша, маусым айында Қазақстанның Халық банкі мен Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қой­ылды. Соған
сәйкес, 6-13 та­мыз аралығында еліміздің ірі қалаларында 22 кеңес беру ор­талығы
өз есігін ашады. Міне, соның бір айғағы – Халық банкінің облыстық филиалында
ашылған орталық.

– Бұл орталықта іскер жан­дардың
мемлекеттік бағдар­ламалар және кәсіпкерлікті қолдау шаралары, «Халық банк»
ұсынатын қызметтер туралы молынан мағ­лұмат алуына мүмкіндік бар. Әсі­ресе,
орталықта кәсіпкерлерге «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша
қандай қолдау көрсетілетіні, іскер жан­дардың бұл бағдарламаларға қа­тысу
шарттары, іскерлерге көрсе­тілетін сервистік көмектер туралы мағлұмат беру
қарастырылған. Сон­дай-ақ, кез келген кәсіпкер не­сие бойынша пайыздық став­каны
субсидиялау, несиелерді ке­пілдендіру, грант алу жөнінен де осы орталыққа
жүгіне алады. Бар­лық қызметтер «бір терезе» принципінің негізінде тегін көр­сетіледі,
– деп атап өтті Ерлан Бақытұлы.

Сонымен қатар, орталықта «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры аясында қаржыландырылатын өң­деу­ші өнеркәсіпті
қолдау бағ­дарламалары, ауыл ша­руашылығы саласындағы кәсіп­кер­лікті қол­дау,
2012-2020 жыл­дарға арнал­ған моноқалаларды дамыту ту­ра­лы жан-жақты мәлі­мет
беру қарастырылған.

Кеңес берушілер кәсіпкерлерге болжамды
қаржыландыруды дұ­рыс құрылымдау, салық салу, жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік
қолдау көрсету бойынша мәселелерді терең түсіндіреді. Сондай-ақ, олар
кәсіпкерлердің мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша есепке алатын аса оңтайлы
шарттар ұсы­ну мақсатында банк көрсететін қызметтер тізімі жөнінде мағлұмат
береді.

– Орталықта кәсіпкерлікті дамытуға
бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар бой­ын­ша тәлім алған әмбебап
менед­жерлер жұмыс істейді. Мұндай орталықтың ашылуы облыс тұр­ғындары үшін аса
пайдалы. Әсі­ресе, ісін енді бастағысы ке­летін жандар бұл мүмкіндіктен құр
қалмауы қажет. Өйткені, мағ­лұматтың қолжетімсіздігі көп жағ­дайда кәсіптің
көзін ашуға ке­дергі келтіреді немесе дамуын тежейді, – деп түйіндеді өз ойын
Е.Нұртазаев.

«Дөңгелек үстел» барысында Қызылорда
облысы кәсіпкерлік па­латасының директоры Дінмұ­хамед Әбсаттаров өңірлік және
ұлттық кәсіпкерлік палатасы та­ра­пынан атқарылып жатқан жұ­мыстарға тоқталды.
«Даму» қо­ры­ның облыстағы филиал директоры Жансұлтан Матаев кә­сіпкерлікті
қолдау амалдары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен таныстырып өтті.

Ал басқосуға қатысқан кә­сіп­керлер
алдарынан мұндай зор мүмкіндік ашылғанына риза­шылығын білдірді. Мысалы, ке­ңес
беру орталығының көмегіне ал­ғашқы болып жүгінген кәсіп­керлердің бірі Айгүл
Тұрахметова бүгінде ТЖО-ға жетекшілік етеді.

– Кәсіп ашып, оны өркендетейін деген
мақсатым болды, бірақ кепілге берілетін мүліктің бағасы жетіспеуіне байланысты
банктер несие беруден бас тартты. Әрине, алатын несиемнің көлемі де баршылық.
Ең соңында Халық банкіне келдім. Мұнда мамандар маған мемлекеттік бағдарлама
және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие алуға кеңес берді. Мен 43
миллион теңге несие алып, заманауи ТЖО ашып алдым. Ендігі кезекте, жаңа ке­ңес
беру орталығының көмегін пайдаланып, кәсібімді кеңейтіп, жаңа өндіріс орнын
ашуды көздеп отырмын, – дейді А.Тұрахметова.

Кәсіпкер әйел кәсібін ашып, дамытуға
осымен екінші рет кө­мек қолын созып отырған Ха­лық банкіне алғысын жеткізді.
А.Тұрахметованың айтуынша, мем­лекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлерді қолдау
амал­да­ры­ның барын білмейтін, біл­се де оның жолдарын түсінбей жүргендер баршылық. Сондық­тан, кәсіпкерлердің бұл
бағытта сауаттануы аса маңызды. Осы рет­те, жұмысын жаңа бастаған ай­мағымыздағы
кеңес беру ор­талығының рөлі жоғары.

Дәурен ОМАРОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз