МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТАДЫ

34

0

Облыс әкімдігінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті қоғамдық кеңес отырысын өткізді. Оған мекемелер, екінші деңгейлі банкттер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арналған отырыста 4 мәселе қаралып талқыланды.
Қоғамдық кеңесте «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыстық филиал директоры А.Әбибуллаева «ХҚКО» мен уәкілетті органдар арасында мемқызмет көрсету мәселесі  бойынша өзара бірлескен жұмыстардың  жай-күйі мен 2013 жылы ұсынылған қызмет сапасының ахуалы туралы ақпарат жасап, екінші деңгейлі банкттер тарапынан тоқтатылған құжаттар жайын сөз етті. «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ төрағасы С.Теңізбаев мемқызмет сапасына жүргізген қоғамдық талдауда орын алған келеңсіздіктерге тоқтала өтіп, пандусқа қатысты пікірін білдірді. Яғни, кей мекемелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың тік болып келуі немесе жоқтығы слайд арқылы көрсетілді. Пандус мәселесін кеңес мүшелері тиісті хаттама арқылы шешетін болды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының талдау, мониторинг және интернет ресурстарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ш.Нұртаева аймақ тұрғындарына жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сала басшысы кейбір мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығының төмендігін айта өтті. Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев компьютерлік сауаттылық арттыру курстарына мемқызметшілерді жиі жіберіп оқытуды талқылады. Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының мемқызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы Ж.Жұмабаева, «2013 жылы жергілікті атқарушы органдар мен көрсетілген қызмет мерзімдерінің бұзылуы мен атқарылған жұмыстар” тақырыбында хабарлама жасап, кеңес мүшелері қойған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге байланысты уәкілетті органдармен бірлесіп атқаратын бірқатар міндеттерді айқындап, хаттамалық шешіммен тиісті органдарға бірнеше ұсыныстарды  беретін болып шешті. Сондай-ақ, биылғы жылдың жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз