“МӨЛДІР БҰЛАҚ” ТЕМІРЖОЛДЫҢ ЖОБАСЫ

78

0

Жуырда «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның
«Мөлдір бұлақ» бағдарламасының аймақта орындалу барысымен танысуға
«Теміржолсу” АҚ мамандары келді. Теміржол бекеттеріндегі тұрғындарды таза ауыз
сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен танысу мақсатында келген
қонақтарды «Қызылорда Теміржолсу» ЖШС өкілдері қала аумағындағы бірнеше нысан
жұмыстарымен таныстырды. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің, су қысымы
мұнарасының, басқа да су тазалау құрылғыларының жағдайын көзбен көріп, көңілге
түйген «Теміржолсу” АҚ президенті Қ.Есімханов су сапасы мен тазалығына
ризалығын білдірді.

Сұрауы бар судың аймақтардағы сапасы қандай? Разъезд-стансалардағы су
бекеттері қаншалықты жаңартылып жатыр? Міне, осы мақсатпен «Қазақстан темір
жолы» ҰК АҚ басшылығы жүзеге асырып жатқан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы
қаншалықты өміршең, ауызсу сапасы қандай дәрежеде екендігін білу тұрғысында
құрылған арнайы тексеру тобы Қызылорда облысына қарасты теміржол тармағы
бойында орналасқан бекеттерде болып қайтты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2012-2016 жылдарға арналған «Мөлдір
бұлақ» бағдарламасын қолға алған еді. Осы бағдарлама аясында ұлттық компанияға
еншілес барлық стансалар мен разъездерді қажетті мөлшерде сапалы сумен
қамтамасыз ету керек болатын. Бүгінгі таңда «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша
жоспарланған инвестициялық жобалар жүз пайызға орындалған. Осы ауқымды жобаны
атқаруды өз мойындарына алған «Теміржолсу» АҚ екі жыл көлемінде 238 теміржол
стансалары мен разъездердегі 314 нысанды сапалы сумен қамтамасыз етіп қана
қоймай, кәріз жүйелерін қайта жаңартып, толық күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізген. Су сапасын қадағалаушы мекеме қызметкерлері әр су тұнбасын ай сайын
тексеріп тұрады.

– Біздің бүгінгі рейдке шыққандағы мақсатымыз аймақтағы «Мөлдір бұлақ»
бағдарламасының атқарылған жұмыстарына сараптама жасап, көзбен көру болатын.
Тексеру шарасы жылына екі облысты қамтиды. Биыл ол Қызылорда өңірі мен Ақтөбе
облысында жалғасын тапты. Бағдарлама аясында көп жұмыстар атқарылды. 2015 жылы
КТЖ-ның балансындағы барлық станса мен разъездерге ауыз су жеткізуді аяқтауды межелеп
отырмыз. Бағдарлама аясында бірқатар шаралар жасалған. Әсіресе, таза судың
талапқа сай сапалы болғаны басты назар аудартты. Біз жылына бір рет жоспар
бойынша барлық стансадағы судың сапасын тексеріп, қадағалау жұмыстарын
жүргіземіз. Егер, ауызсу санитарлық талапқа сай болмаса, бір адам емес, барлық
ауыл тұрғындары ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан ауыз судың сапасына қояр талап
өте жоғары болмақ, – дейді «Теміржолсу” АҚ президенті Қуат Есімханов.

«Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімханов «Теміржолсу-Қызылорда»
ЖШС-ның ұжымымен кеңейтілген семинар жиын өткізіп, атқарылған жұмыстарға баға
беріп, алдағы таңда жасалатын шараларға тоқталды.

Бүгінде тұтынып жүрген су мұнараларының бірнешеуі 1904-1905 жылдары
салынған. Солардың ішкі құрылғылары да толық жаңартылуда. Тағы бір айта
кетерлігі, осы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша су шаруашылығындағы
техникалық, яғни трактор, машина парктері де толық жаңартылып жатыр.

Нұрбек Дәуренбеков.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз