Мұнай өнімдерін заңсыз өткізудің 2 фактісі тіркелді

469

0

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен аяқталған шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық істің қорытындысы.

Тергеу барысында анықталғандай, кәсіпкер М.Д. 2017 жылдан бастап өз кәсібін жүргізе отырып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ондаған мекемелермен дизель сұйық отынын жеткізіп беруге келісім шартқа отырған. Алайда, заңды қызметі аясында, 2019 жылдан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта 28 мемлекеттік мекемеге, 1 заңды тұлға мен 2 жеке тұлғаға заңсыз жолмен, яғни заңдылығын растайтын құжаттарсыз жалпы сомасы 274 млн 036 мың теңгенің дизель сұйық отынын тасымалдап, заңсыз жолмен табылған мүлікті заңдастырған.

Бұл заңсыз іс-әрекет ҚР ҚК-нің 197 бабы 4 бөлігінің 2) тармағымен (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз аса ірі мөлшерде және бірнеше рет тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 218 бабы 3 бөлігінің 3) тармағымен (қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру) сараланды.

Сотқа қылмыстық іс түскеннен кейін сотталушы М.Д. кінәсін толық мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасауға өтініш білдірген. Сонымен қатар, өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірген және тағайындалған жазамен келіскен. Жалағаш аудандық сотының үкімімен М.Д.-ға 5 (бес) жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және осы уақытқа пробациялық бақылау белгіленді.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында анықталып, тергелгеншығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық әрекеті үшін жеке кәсіпкерге сот үкімі шықты.

Жеке кәсіпкер А.С. мемлекеттік сатып алу порталына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуші кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеліп, 2020-2021 жылдары мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысқан. Баға ұсынымдары әдісімен ең төменгі баға ұсыну арқылы жеңімпаз ретінде танылып, Қызылорда облысы аумағында барлығы 41 мемлекеттік мекемелермен жасалған мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары негізінде 2 жылда барлығы 779 тонна, құны 165 млн. 865 мың  теңгенің дизель отынын тасымалдап, жеткізіп берген.

Соның ішінде 402 тонна, құны 93 млн 788 мың теңгенің дизель отындарын шығу тегін растайтын құжаттарсыз өткізген.2021 жылдың қараша айында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 4000 литр дизель отынын ауылдық мәдениет үйінің бу қазандығына жеткізіп беру кезінде ұсталған. Сотталуш ы А.С.-тың қылмыстық әрекеті жәбірленуші және куәлер жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелермен, сот-сараптама институты сарапшысының қортындыларымен толық дәлелденді. Жеке кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197 бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдағаны, иемденгені, өткiзгені, сақтағаны)  көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 2 жыл 8 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қызылорда облысы бойынша ЭТД

Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<