Мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған

322

0

Облыстық полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы аймақты аралау барысында 27 желтоқсан күні «Қызылорда-Құмкөл» тасжолының 107 шақырымында Қызылорда қаласының 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ланд Крузер» автокөлігін тоқтатқан.

 Жүргізушінің құжатын тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан еш құжаты жоқ арнайы ыдысқа құйылған 500 литр мұнай өнімін тасымалдап келе жатқаны анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 197-бабының 1-бөлігімен (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<