Мұз айдынының ханшайымы тәжірибе бөлісті

1068

0

Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде елімізді әлемге танытып жүрген жерлесіміз, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын тәрбиеленушілерге шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген жеткіншектер келді.

4 дүркін Қазақстан жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет өз тәжірибесімен бөлісіп, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын,әдіс-тәсілдерін үйретті.

Мұз айдынының ханшайымы Элизабет жас мәнерлеп сырғанаушылармен сұхбаттасу барысында олардың осы спортқа деген ынта-ықыласының артқандығын, қызығушылықтарының жоғары екендігін байқады. Сондай-ақ, бірқатар спортшылардың өзіне ұқсап, елімізді халықаралық ареналарда әлемге танытатын ниеттерінің бар екендігіне көз жеткізді.

Элизабет қыркүйек айынан бастапсегіз халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Соның ішінде 2019 жылдың 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін XXIX қысқы Универсиадада студенттер арасында алғашқы мәрте бағын сынамақ.

Одан кейін 12-24 наурыз аралығында Жапонияда болатын Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайды.  Осы жарыстарға тыңғылықты дайындалу үшін жазда Ресейде өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<