Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

1057

0


Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл мемлекеттік мереке саналатын 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады. Сонымен қатар наурыз айында тағы бір мемлекеттік мереке бар. Ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке дүйсенбіге тура келеді, сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<