Облыс әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады

449

0

Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драмалық театр залында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Сыр журналистерін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова құттықтады.

Аймақ басшысы қоғамның қозғаушы күші, жаңалық жаршысы, ақпарат насихатшыларына алғаусыз тілегін жеткізді. Сонымен қатар бір топ БАҚ өкілін марапаттады.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздар концертіне ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<