Ассамблея мүшелері акцияға атсалысты

564

0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты. Қала және барлық аудандарда 100-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтары толықтай қамтылған сөмкелерді табыстады.

Жыл сайын тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға облыстық ассамблея және этномәдени бірлестік өкілдері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетті. Ата-аналардың алғысын алып, ризашылығына бөленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<