Өтемұратов қоры Аралға қол созды

392

0

Өңірде ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан мал суару және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта 500-ден астам мал өлімі тіркелген.

Бұл жағдайға бей-жай қарай алмаған Болат Өтемұратов қоры Арал ауданындағы құрғақ­шы­лықтан зардап шеккендерге 200 млн теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Қаражат «Аралым – Айдын шал­қарым» қоғамдық қорына беріледі, кейін олар зардап шеккен халықтың бірінші кезектегі мұқтаждықтарына бөлінеді.

Болат Өтемұратов қорынан көмек ретінде Арал ауданының 800 аз қамтылған отбасы 900 тонна құрама жем алады. Бұл жем-шөп биылғы қарашадан 2022 жылғы мамырға дейін жетеді.

Мал басын сақтау және жайы­лымдарды суландыру үшін жаңа су ұңғымалары қажет. сон­дай-ақ каналдарды тазалау және су қондырғыларын жөндеу талап етіледі. Сырдария өзенінде Аман­өткел елді мекені аумағындағы «Аспай» су құбыры қалпына кел­тіріледі. бұл су деңгейін көтеруге және «Қамысты-Ақшатау» көл жүйелерін толтыруға мүмкіндік береді. ұңғымалар бұрғыланады, өйткені қазіргі уақытта ауызсуы жоқ шалғай Беларан ауылдық округінде  тұрғындар 35 шақырым қашықта орналасқан құдықты пайдаланады.

Бұдан басқа, ауылдық округ­тердегі селолық тұтыну коопера­тивтері тракторлар, шөп шаба­тын орындар, соқалар, жем-шөп базасын дайындау үшін пресс-жинақтағыштар алады. Алыс жа­йылымдарда мал суару­ды қам­тамасыз ету үшін су тасы­ғыш­тар, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру үшін дизель сорғылары сатып алынады.

Қаражаттың жұмсалуын және жем-шөптің бөлінуін бақылауды жұртшылық өкілдерінен құралған арнайы комиссия жүзеге асырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<