Оқушылар Оңтүстік Кореядан жүлдемен оралды

405

0

Оңтүстік Корея Республикаласының Дэджон қаласында 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен «Жас ғалым» Халықаралық жоба конкурсына облысымыздан 4 оқушы аттанып, барлығы да білімнің асқар шыңынан, ғылымның төрінен орын алды. Халықаралық деңгейде оқушыларымыз өз білімдерін дәлелдеп І, ІІ, ІІІ орындарға қол жеткізді. Атап айтсақ,

Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы – І орын иегері;

Демиденко Евгений Александрович – І орын иегері;

Бекетов Мағжан Нағиұлы – ІІ орын иегері

Валишаева Диана Исмуакметқызы – ІІІ орын иегері

Жетекшілері: Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне және жетекшілік жасап, жауапкершілік алған Қарлығаш Дауылбайқызына зор алғысымызды білдіреміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<