Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды

499

0

Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетіндегі қар барысының терілері қазақстандықтардың ашуын тудырды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Egemen.kz

Табиғат қорғаушы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында осы суреттерді жариялап, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Қайрат Закирьновта Қызыл кітапқа енген жануарлардың терісі қайдан пайда болды деген сұраққа жауап беруін сұрады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Бұл суреттер біздің ашуымызды тудырды. Бұған жол беруге болмайды. Біздің ортақ міндетіміз – Қызыл кітапқа енген жануарлардың санын қорғау және сақтау, оларды тұрмыстық зат ретінде пайдаланбау. Суреттерде қар барысының, сілеусіннің және арыстанның терісі бейнеленгеніне назар аудардық. Қазақстанда арыстандар жоқ. Сондықтан фотосуреттердің қай жерде түсірілгенін анықтау керек – біздің елде ме немесе шетелде ме»,  деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<