Қазақстанда коронавирус жұқтырған қанша медицина қызметкері төлем алды?

512

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қанша медицина қызметкері коронавирус пен пневмония жұқтырғаннан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«21 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 729 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің өтініші бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды», – делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (77), Ақмола (75) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (67) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (66) жүргізілді.

Еске салайық, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына биыл 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес екі түрлі төлем бар:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 миллион теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 миллион теңге көлемінде төленеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<