Қазақстандық Naruvax-C19 вакцинасы адамдарда тестілеуге дайын

459

0

Қазақстандық Naruvax-C19 вакцинасы соңғы кезеңге жетті және адам ағзасындағы клиникалық зерттеулерге дайын. Бұл туралы халықаралық вакцинация орталығының директоры Қайсар Табынов «Қазправдаға» берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Зерттеушілер макакаларға тәжірибе жасауды аяқтады, оған дейін тышқандар мен хомяктарға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде вакцина жануарларды инфекциядан қорғап қана қоймай, вирусты 100% бейтараптандырған. 

Табыновтың айтуынша, маймылдарға жасалған жұмыстар туралы соңғы иммуногенділік деректерді алғаннан кейін, адамдарда тестілеу жұмысын бастауға болады.

Адам ағзасындағы Naruvax-C19 клиникалық сынақтары мұқият дайындықты қажет етеді.

Бірінші сынақ вакцинаны әзірлеуші топқа жасалады. 

«Бүгінде коронавирусқа қарсы вакциналардың ешбірі инфекциядан толықтай қорғай алмаса да, аурудың ауыр өтуінің және ауруханаға түсудің алдын алады. Naruvax-C19 туралы айтатын болсақ, бұл препарат әлі клиникалық сынақтардан өтпеген, сондықтан қорытынды жасауға ертерек», деді ол.

Қазіргі уақытта вакцина туралы ғылыми мақала препинті Researsh Square халықаралық платформасында орналасқан. Сонымен бірге Nature журналына ұсынылған.

«Біз мақала оң бағасын алып, жақын арада жарияланады деп үміттенеміз», деді респондент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<