Қоғамдық байқаушылар қырағылық танытты

431

0

Сайлауалды бейпартиялық байқау штабы ҚР Пар­ламенті Мәжілісі және жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау шарасында белсенді әрекет етті. Маңызды шара барысында ешқандай заң бұзушылыққа жол берілген жоқ.

Қоғамдық байқаушылар облыста 376 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізді. Алдымен оларға еліміздің заңдарын білуіне жағдай жасалып, Конс­титуция мен «Сайлау ту­ралы» заң басты назарға алынды. Желтоқсан айында байқаушыларға арналған се­минар ұйымдастырылды. Он­да Қызылорда қаласы мен об­лыстың барлық ауда­нын­да жұмыс жүргізетін аза­мат­тарға олардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсін­дірілді. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқару миссиясы жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді.

Бұл олардың жұмыс барысында сауатты әрекет етуіне зор мүмкіндік туғызды. Қоғамдық байқаушылар барлық сайлау учаскесінде қырағылық танытты.

Олардың құрамына 25-50 жастағы азаматтар тартылған. Барлығы – қоғамда өздерінің белсенділігімен көзге түсіп жүрген азаматтар. Қоғамдық байқаушылар сайлаудың қан­дай деңгейде өткенін қарау мақ­сатында тиісті міндеттерді атқарды.

Маңызды нау­қан алдында біз шетел­дік байқаушылар және бір­қатар қоғамдық ұйым же­тек­шілерімен кездесу өткіз­дік. Атап айтқанда, Еуропа­дағы қа­уіпсіздік және ынтымақ­тастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) ұзақ мерзімді байқаушылары германиялық Инго Бютнер жә­не ресейлік Андрей Ост­вальд  бізге өздерінің ой-пікірлерін білдірген болатын.

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,

сайлауалды бейпартиялық байқау штабының облыстағы өкілі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<