Салық төлеушілер назарына!

240

0

Фото: ашық дереккөз

«Жер салығы бойынша

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 497-бабы бойынша Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады. Жердің белгілі бір санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнеді:

1) тұрғын үй қорын, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi және  2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер.

Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлер;

      2) орман қорының жерлері;

      3) су қорының жерлерi;

      4) босалқы жерлер;

      5) ядролық қауіпсіздік аймағының жерлері.

Жер салағының төлеушілері: 1) жеке меншiк құқығында;  2) тұрақты жер пайдалану құқығында;  3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

       1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;

      2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

      3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

Жер салығының салық салу объектісі:

  1. елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
  2. ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
  3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi
  4. жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;
  5.  осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.

Салықтық мөлшерлемелер: Салық кодексінің 503 бабы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне  Салық кодексінің 505 бабы бойынша есептеледі.

Салық кодексінің 509 бабының 1,2,3 тармақтары бойынша Автожанармай құю станцияларына бөлінген басқа санаттардағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері, Елді мекендердің автотұрақтарға (паркингтерге), Елдi мекендердiң казино орналасқан жерiне үшін осы Кодекстің 505-ба бы кестесінің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне арналған, он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.  Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 505-бабында белгіленгеннен кем болмайды.

Ал салық кодексінің 509 бабының 4 тармағына сәйкес объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 505-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 505, 506, 507 баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

Және,  осымен қатар  Салық кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап осы Кодекстің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылады делінген.

Жер салығын есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады:

1) осы Кодекстiң 290-бабының 3-тармағында және 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 708-бабында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – осы Кодекстің 712-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша.

 Салықты есептеген кезде тиiстi 0,1 коэффициентiн қолданатын төлеушілер:

1) балаларды сауықтыру мекемелері – осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      2) негiзгi қызмет түрi ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындары;

      5) технологиялық парктер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.

Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.

Салық кодексінің 512-бабы бойынша  Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық кезең үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<