Сексеуілдегі теміржол жағалаған оқушылар үшін мектеп салынады

468

0

Арал ауданының Сексеуіл кентінде Президент тапсырмасына байланысты білім ошағы салынады. Бұл теміржол жағалап мектепке барып жүрген балалар мен олардың ата-аналары үшін қуанышты жаңалық болды.

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметінше, кентте 13 мыңға жуық адам қоныстанған. «Сексеуіл-Бейнеу-Жезқазған» жүрдек пойызы жолға шыққалы бері елді мекен үлкен торапты желілік теміржол бекетіне айналды. Осылайша Сексеуіл Арал қаласынан кейінгі халқы тығыз орналасқан аймақ болып отыр.

– Кенттегі 3 мектеп те темір­жолдың бір жақ бетінде. Келесі бетінде тұратын 360 оқушы теміржолдың сан тарау жолын кесіп өтуге мәж­­бүр. Балалардың қауіп­сізді­гін қамтамасыз ету мақса­тын­да тұрақты кезекшілік ұйым­дастырылған. Жаңа білім ошағы іске қосылған жағдайда балалар әуре-сарсаңға түспейді, – дейді Талғат Дүйсебаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<