Синоптиктер 14 қараша күні ауа райы қандай болатынын айтты

33

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн ашық болуы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел жылдамдығы секундына 18-26 метрге дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман, көктайғақ байқалады. Жамбыл облысында қарқыны секундына 15-20 метр болатын күшті жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз