«Сұр антенналар» сұрықты кетіре бере ме?

59

0

«Сұр антенналар» сұрықты кетіре бере ме?Қазір жерсеріктік
антенналар нарығына қатысты мәселе туындап отырғаны белгілі. Заңсыз жұмыс істеп
жатқан операторлардың қазақстандық телевизияның дамуына кедергі келтіріп
отырғаны да жасырын емес. Осыған орай, Қызылорда облыстық радио және телехабар
тарату дирекциясы сату бөлімінің басшысы Өркен Абилаевпен болған сұхбатымызды
назарларыңызға ұсынамыз.

– Басылым беттері мен ғалам­тор­да «Триколор», «НТВ+»,
«Ра­ду­га», «Телекар­та» секілді опера­торлардың жерсеріктік қондыр­ғыларын са­ту мен желіге
қосылу қыз­меттерін жарнамалаған ха­бар­­­лан­дырулар тұнып тұр. Бұ­лардың
әрекетіне қатысты не айтасыз?

– Кейбіреулер сіз атап өткен операторлардың әрекетіне
бей-жай қарауы мүмкін. Алайда, «Лицензия беру» туралы ҚР Заңының 24-ба­бына
сәйкес, еліміздің аумағында те­леви­зиялық және радиохабар та­ра­туды
ұйымдастыру ли­цен­­зия­ланатын қызмет түрі бо­лып есеп­теледі. Сондықтан қа­зақстан­дық
телерадиохабар тарату опера­тор­лары, мемле­кет­тік немесе ком­мер­циялық
болсын, олардың ел аумағында қызметтерін ретке кел­­ті­ретін рұқсат құжаттары
бо­луы тиіс. Осылайша, отандық опе­ра­тор­лар жа­ңа жұмыс орын­да­рын
ашып, мем­­лекеттік қа­зы­наны салық-алым­да­ры­мен толықтыра отырып, ел эко­но­микасы
мен отан­дық теле­хабар тарату саласының дамуына өз үлестерін қосады. Бү­гінде
Қазақ­станда лицензия не­гі­зінде үлкенді-кішілі жүзден ас­там операторлар
жұмыс жасай­ды, олардың арасында жалпы рес­публикалық көлемде – «Алма TV»,
«Icon», Қазтелерадио («OTAU TV»), «Қазақтелеком» («ID TV») және аймақтық
операторлар бар. Мысалы, біз­дің Қызылорда об­лысында «Санжар ТВ», «Көр­кем
ТВ», «Орда ТВ» секілді ка­бе­льдік операторлар жұмыс істеп жа­тыр. Жалпы,
лицензияланған опе­ра­торлардың толық тізі­мін mki.gov.kz сайтынан бі­лу­ле­ріңізге
болады. Ал сіз атап өткен операторлардың лицензиялары жоқ.

– Олардың ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салуға
болмай ма?

– Ел аумағында қызмет атқа­рып жатқан шетелдік,
әсіресе жер­­серіктік желіде жұмыс істей­тін опе­раторларға қатысты
жағ­дай мүл­де басқаша. Себебі, тех­ни­калық тұрғыдан шетелдік опе­ра­торлардың
жерсеріктік антен­наларын қолда­нуға тый­ым салу мүм­кін емес, яғни ғарыштан та­райтын
жерсе­ріктік сиг­налдың қамту аумағы, мем­лекеттік шекара­лардан ана­ғұрлым
кең. Бұл жақсы да, өйт­кені тұтыну­шылардың да, ха­бар тарату опера­тор­ларының
да мүмкіндіктері артады.

Алайда, кәсіпкерлік қыз­метті сол елдің заңнамаларына
сәйкес жүргізу керек еке­ні белгілі. Мы­салы, бір опера­тор­лар ел аума­ғындағы
заң­ды­­лықтар тала­бы бой­ынша, тех­­­никалық регла­менттер, або­­­нент­терге
қызмет көрсету ере­же талаптарын орындап, есеп­ке тұрып жатыр. Ал енді
біреулері ешқандай тер төк­пестен, сол кө­рермендерден оп-оңай табыс тау­ып
жатқанын кө­ріп отырмыз. Яғ­ни, қандай да бір шығын көрмей, оның ішінде Қа­зақстан
бюджетіне алым-салым тө­леместен, шетелдік жерсе­рік­тік операторлар елі­міз­дің
теле­радиохабар тарату нарығының «қай­мағын» сы­пы­рып жеп отыр де­сек те
болады. Анығына келсек, бұл лицензиядан өткен операторлар үшін теңсіз
бәсекелестік. Бір сөзбен айт­қанда, өте тиімсіз. Тәу­елсіз са­рапшылардың де­ре­гіне
жү­гінсек, Қазақстан бюд­жетінен айналып өтіп, шет­елдік оператор­ларға кетіп
жат­қан табыс жыл сайын мил­лиардтаған тең­геге жет­кен. Рә­­сімделуден өт­пе­ген
«сұр ан­­тенналарды» қолда­натын аза­­маттар Қазақстанның ақ­па­рат­тық
кеңістігінен тыс қалып отыр. Ал отандық жерсеріктік жә­не кабельдік хабар
тарату опера­тор­ла­ры ҚР Үкіметінің 2012 жыл­ғы 28-желтоқсандағы №1713 қау­лы­сы­на
сәйкес, мін­­детті түрде трансля­цияла­нуы тиіс 14 отандық теле­ар­наны көрсетуге
міндетті. Ал шет елдің операторларының Қазақстан телеарналарын өз теле­топтамасына
қосуға техни­ка­лық мүмкіндіктері бо­ла тұра, оларды трансляцияламай отыр.

– Біздің нарықты «сұр антен­налар» қалай толтырды?

– Шын мәнісінде, Ке­ңес Ода­ғы ыдыраған соң, ақ­параттық
ше­ка­ралар жойылды. Жұрт жап­пай ақпаратқа ұм­тыл­ды. Дүңгір­шек­те­ріміз шет­­­ел­­дік
газет пен жур­нал­дар­­ға толды. Телевизия сала­сында да дәл сол жағдай орын
алды. Ай­та кетерлік бір жайт, ол кезде қа­зақстандық опе­ра­торлар шетелдік ха­бар
та­ратушылармен бәсекеге шы­­­дас бермейтін. Ке­ңес­тік дәу­ір­ден
қол­данылып кел­ген те­лехабар та­ра­тудың ана­лог­­тық стандарты, за­ма­науи
көрер­меннің көңілінен шық­пады. Әрі ескі форматтың сапасы да сын кө­термейтін,
көрсетілетін те­ле­арна саны 3-5-тен аспайтын, әсі­ресе ауылдық жерлерде. Осы­ның
әсерінен «сұраныс ұсыныс ту­­ғызды» принципі бойынша, Қа­зақ­стан нарығына,
әсіресе ау­ылдық жер­де «сұр антенналар» легі лап қой­ды. Егер қалаларда
кабельдік опе­раторлар кеңінен та­ралса, ша­ғын қалашықтар мен елді ме­кендерде
қызмет көрсе­ту­ден кабель таратушылар тартын­шақтана бере­тін. Өйтке­ні,
оларға ауылдар – ком­мер­циялық тұрғыдан тиімсіз орта.

Бір қуантарлығы, соңғы жыл­да­ры біздің операторлар
қар­қын­ды да­мып жатқанын байқауға бо­лады. Бүгінде Алма ТВ – 600
000 абоненті, ID TV – 200 000, OTAU TV – 750 000, Icon-ның 300 000 абоненті
бар. Оған жергілікті кабельшілердің нарығын қо­сыңыз. Қазақстан­дық операторлар
жұ­мысының арқасында, елімізде 10 отбасы­ның сегізі кем дегенде 14 қа­зақстандық
телеарнаны көріп отыр деген сөз.

– Сауда орындарында қап­тап тұр­ған түрлі тә­рел­ке –
«сұр антен­на» тұты­ну­шылардың мүддесін қорғай ала ма?

– Базарларда «сұр ан­тен­на­лар­дың» сатылуы тұты­ну­шылардың
мүд­десін қор­ға­май­ды. Мысалы, Сіз «Три­колор», «НТВ Плюс», «Ра­ду­га», «Те­ле­карта»,
«Платформа HD, «Ри­кор» және т.б. антеннасын сатып алдыңыз, біраздан соң
қондырғыда техникалық ақау пай­да болды делік. Сіз ешкімнен кө­мек сұрай
алмайсыз, өйткені атал­ған операторлардың Қа­зақ­станда өкілдігі жоқ. Бұған қо­са,
шетелдік операторлардың кө­­бі, ескіріп қалған DVB-S стан­дартында хабар
таратады. Ал Қазақстанда 2010 жылы 27-желтоқсандағы ведом­ство­ара­лық комиссия
хаттамасымен DVB-S-2 стандарты қабылдан­ған. Со­­ны­мен қатар, шетел опера­тор­лары
тый­ым салынған тауар мен қызметті жар­намалау арқы­лы Қазақстан Рес­публикасы
«Жар­нама ту­ра­лы» Заңы талабын бұ­зып отыр. Шетелдік опе­ратор­лар­дың
қондырғы мәзірі мен қол­дану нұсқаулығында қазақ тілі қарастырылмағандықтан, ҚР
«Тіл­дер туралы» Заңы да бұзылған. Сон­дай-ақ, «Теле­радиохабар тура­лы» Заңға
сәй­кес, мемлекеттік есеп­­ке тұр­маған телеарналарды ел ау­мағында
трансляциялауға тый­ым салынған. Бүгінде 200-ден ас­там шет­елдік телерадиоарна
ҚР аума­ғында тіркеуден (http://www.aci.gov.kz сайтының мәліметтері бойынша)
өтті. Алайда, шетелдік операторлар біздің көрермендерге республи­ка ау­мағында
тіркеуге тұрмаған 100-ден астам арнаны көрсетіп отыр.

Бұл операторлардың жұмыс жа­сау тәсілі де оңай,
ауыл-ауылды өз­дері араламайды, агент немесе дилер ретінде же­ліге қостыру
қызметін көр­сететін қазақстандық кәсіп­кер­лер арқылы жұмысын жүргізуде.

– Көпқабатты үйлердің қа­быр­ғасында саңырауқұлақтай
жа­­бы­сып тұрған «сұр антен­нал­ар» қаланың көркін де бұзып тұр емес пе?

– Әрине. Бұл қала құ­рылысы мен сәулеткерлік заң­на­маларын
сақтамау деген сөз. Бұл антеннаны қойғысы кел­ген адам, оны тысқы қабыр­ғаға
іле бермей, шатырға ор­на­­туы тиіс. Сондықтан бұл жер­гі­лікті атқарушы орган­дардың
өкі­леттігіндегі мәселе.

Осы ахуалды сипаттай келе, есі­ме Наполеон
Бонапарттың: «Өз әскерін асырағысы кел­меген ха­­лық, өзге елдің әскерін асы­рай­тын
болады» деген сө­зі түсіп отыр. Шетелдік ха­бар тарату опе­ра­торларын асы­рай­мыз
ба, әл­де Қазақстан те­ле­визиясының да­муы­на үлес қосып, бюджетімізді то­лық­тырамыз
ба? Отандық те­ле­­кө­рермен мен жергілікті әкім­діктер қан­­дай таңдау
жасайды? Мәселе осын­да.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Дәурен ОМАРОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз