СЫНАҚ ЗЕРТХАНАЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

27

0

Осы аптада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің жұмысшы тобы облыс орталығында «дөңгелек үстел» өткізді.
Үкімет басшысы С.Ахметовтің осы салаға байланысты сұрақтарды жетілдіру және жүйені дамыту тапсырмасы бойынша құрылған топ құрамына «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” мен «Метрология институты” РМК, «Ұлттық аккредитация орталығы” ЖШС басшылары енді. 
Жұмысшы тобының аумақтық кездесулерді өткізудегі мақсаты бизнес өкілдері мен аккредитация субъектілерін техникалық реттеу саласындағы саясатпен ақпараттандыру, Кеден одағының техникалық нұсқаулық талаптарына сәйкес кәсіпорындардың сынақ жүргізу базасын анықтау, туындаған келелі сұрақтар шешімін табу.
Басқосуды ашып берген облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев облыс көлемінде ашылатын жаңа өндіріс ошақтары мен олардан алынатын өнімді Кедендік одақ аясында шығару мәселесін және одан туындайтын тарифтік баға желісі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, отырыста техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейін жетілдіру бағдарламасы мен атқарылар кешенді жоспар жобасы талқыланып, жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларының заманауи жабдықталуы туралы сұрақтар қаралды. Және сәйкестікті растау органын құру жолы ұсынылды.
Жұмыс тобының комиссиясы екінші күні Қорқыт ата атындағы ҚМУ сынақ зертханасын, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының” базасында сынақ жұмыстарымен танысып, модернизациялау жолдарын шешу жағын қарастырды.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз