Сырдарияда қолөнер шеберлерінің байқауы өтті

61

0

Сырдарияда қолөнер шеберлерінің байқауы  өтті«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің байқауы болып өтті. 
Байқауға Айдарлы, Жетікөл, Бесарық, Шіркейлі, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдары мен кент орталығынан шеберлер қатысты. Онда ұлттық киімдер, құрақ көрпелер, тұскиіз, киіз үйдің баулары, картиналар, бисерден тоқылған бұйымдар аяқ қап, кесе қап, торсық, моншақтан жасалған кәмпит салғыш, қобдиша, гүлдер, құмыралар, қағаздан өрілген гүлдесте, қол сүрткішпен (салфетка) жапсырылған гүл картина, киіз кебіс, балаларға арналған тоқым киімдер, масаты матасынан тігілген, кілем жібінен тоқылған дорба, қоржындар, т.б. еңбектері қойылды. Жоғары талғампаздықпен жасалған дүниелер көздің жауын алады. Әсіресе, айдарлылық Құрымбай Дариғаның қолымен жасалған гобеленнен ұлттық нақышты аңғарылса. Тоқыма бұйымдарының әрбіреуінен ұлтқа тән әйтеуір бір белгіні аңғарасыз. Ал, шіркейлілік Қоразова Гүлбаршынның шиден жасалған «Мәңгілік ел», «ЭКСПО-2017» картиналары жаңа, ешкімді қайталамаған дүниелер. Жәнібек Маханбет ағамыз ағаштан түйін түйген нағыз шебер десек артық емес. Жеңістің 70 жылдығына арнаған екі бірдей дүниесі әлі дайындалу үстінде екен. Сондай-ақ, кент тұрғыны, еңбек ардагері Сәденова Патима мен Сыздықова Сәрсен жасаған құрақ көрпешелер, қолдан тоқылған орамалдар, қоржындар, тұскиіздерден ұлттық ою-өрнектерді көрдік. Бірінен-бірі өткен, көздің жауын алған бұйымдар. Байқау қорытындысымен бірінші дәрежелі дипломмен Ж.Маханбет пен Г.Қоразова ІІ-ші дәрежелі дипломмен С.Сыздықова мен Д.Құлымбай, ІІІ-ші дәрежелі дипломмен Ш.Тойбаева мен Т.Мырзабекова марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз