Сырдың тарихы терең

1148

0

Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова пан­де­мияға қарамастан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Расында, тарих – өткеннің ізі. Сыр бойында сыры ашылмаған, толық зерттеліп үлгермеген ескерткіштер өте көп. Десек те, археологиялық жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Ескі қаланың орнын мұражайға айналдыру уақыт күттірмейтін мәселе екені де айтылуда.

Биыл бағдарлама арқасында ежелгі Бәбіш мола, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Қышқала қалашықтарында ғылыми-археологиялық зерттеулер жалғасын тапса, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Асанас қалашығында зерттеу жұмыстары басталды. Бұл мәдениет саласының өркендеуіне бағытталған қолдау деп білемін.


Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көзделген мақсат­тарды жүзеге асыру аясында «Киелі жерлер географиясы» жобасы енгізіліп, ол ескі қалашықтар мен кесенелерге археологиялық зерттеу және қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.

Мәселен, аталған бағдарламаның «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген Жанкент шаһарында университет жанындағы «Археология және этнография» ғылыми орталық мамандары қазба жұмыстарымен қатар, музейлендіру шараларын да жүргізді. Оған тарих, архео­логия және этнология мамандығының студенттері де тартылды.


Сыр өңірінің сыр бүккен өркение­тін ашу жолында әлі талай тарихтың сыры ашылатынына сенім мол.

Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,


Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің «Археология және

этнография» ғылыми орталығының жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<