Тәжікстан азаматы Төретам станциясында поездан түсірілді

739

0


Төретам станциясынан Тәжікстан Республикасы Қорғантөбе облысы, Жылыкөл ауданы, Ақжар ауылының 46 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін №30 «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан түсірілді. Поезд бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін жасалған. Себебі аталған азаматша жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін және қоғамдық көлікте былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға тиісіп жолаушыларға сыйламаушылық білдірген. Аталған дерек бойынша, Төретам станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын мас күйде болғаны үшін хаттама толтырылып 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Әкімшілік хаттама толтырып, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотына жолдаған.
Құқықбұзушы Қармақшы аудандық сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<