ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ “БЕСАРЫҚТА”

66

0

балалар демалады әрі ем
алады

Өткен аптаның жұмасында облыс­тық денсаулық сақтау бас­қармасы
БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Мақсат, Жаңақорған
ауданындағы тынығу лагерінде ашылған тіс емдеу кабинеті жұмысымен танысу және
салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларды
көрсету.

Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округiнде орналасқан
облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының «Бесарық” тынығу
лагері бүгінде керегесін кеңге жайған демалыс аймағы һәм оқу ордасы. Лагерь
ауысым сайын 320 бала қабылдайды. Төрт корпусты, емхана, асханасы, би және
спорт алаңы бар іргелі орталықта бүгінде әр ауданнан келген 300-ге жуық бала
демалып жатыр.

Өткен
жылдың қазан айынан бастап облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру
орталығы өз жұмысын жыл бойы жүргізуге көшті. Оның базасында мектеп
бітірушілерге «Алтын белгіге”, ”Үздік аттестатқа” үміткерлерге дайындық, оқу
курстары ұйымдастырылып келеді.

Көңiл
көзiн ашып қараған жанға керек нәрсенің бәрi осында. Тәнге рахат, дертке дауа
сыйлайтын көк майсасы, тұнық ауасы, мөлдiр бұлағы, саялы ағашы, қас-қабағына
қарайтын тәрбиешілері, 4 мезгіл тамағы және балаларға арналған түрлі көңіл
көтеру шаралары. Мұның барлығы лагерь әкімшілігінің жайлы ахуал құрып, тиімді
ұйымдастыра білгені екені көрініп тұр.

Орталыққа
арнайы келген тіс маманы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас
психологы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының
суициолог-психологы тынығу лагеріндегі емхана жұмысымен танысып, жауапты
қызметкерлермен және жеткіншектермен тілдесті.

Мұнда
облыстық тіс емдеу емханасы оқушылар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алу және дер кезінде ем көрсету
мақсатында тіс кабинетін жасақтап қойған.


Балалардың жазғы демалысында тіс аурулары мазаламас үшін біз арнайы тіс
кабинетін ашып қойдық. Кабинетте тіс емдеу, жұлу, алдын алу шараларына қажетті
медициналық жабдықтардың барлығы бар. Тіпті, тісті тұтастай жақ сүйегімен қоса
түсіретін компьютер де бар. Ол арқылы қай тістің сау, қайсысы тіс жегіден
зардап шеккенін, қайсысын емдеу, қайсысын жұлу керектігін нақты білуге болады –
дейді, облыстық тіс емдеу емханасы алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Пернегүл
Алибекова.

«Саламатты
Қазақстан 2011-2015”
жылдарға арналған бағдарламасы бойынша былтыр денсаулық сақтау басқармасына
қарасты облыстық тіс емдеу емханасы құрылған еді. Заманауи құрылғылары бар 7
аймақтық емхана мен 2 қала мектебінде стоматологиялық кабинеттер ашылып,
кезең-кезеңімен тұрғындарға түрлі қызметтерін ұсынып келеді. Мәселен, бірінші
кезекте жүкті әйелдерді міндетті тіс еміне, 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді және
жасөспірімдер мен зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жазғы 3
айлық оқушылар демалысында 6 аудандағы балалар тынығу лагері мен қаламыздағы
«Сырдария” лагерінде стоматологиялық кабинеттер жасақталған. Соның бірі
«Бесарық” тынығу орталығында орын тепкен.

Деннің
саулығы тіске тікелей байланыс­ты. Көбіміз «32 тістің қадірін қақсағанда ғана
білеміз». Тіс саулығы, ауыз қуысының амандығы елеусіз қалдыратын мәселе емес.
Жеткіншектердің тіс саулығына аса көңіл бөліп, күтіне білуге үйреткен мамандар
стоматологиялық кабинеттің жұмысына да жоғары баға берді.

Қоғам
қарауына қарамайтын суицид деген тажал бар. Соңғы кезде жасөспірімдер арасында
өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары белең алғандығы алаңдатады. Салауатты, саналы
ұрпақ тәрбиелеу жолында облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, салауатты өмір
салтын қалыптастыру орталығы да аянып қалып жатқан жоқ.

Жастар
арасында өз денсаулығына азаматтық жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында облыстық салауатты өмір салты орталығының жанынан
ашылған «Мейірім” жастар денсаулық орталығының және «Темекіге қарсы бөлме”
мамандарының бірлесуімен және «Шапағат”, «Үміт” жастар денсаулық орталықтары
көптеген тақырыптарда акция, семинар, тренинг, кездесулер, сайыстар өткізіп
тұрады. Өткен жылы жастар арасында 420 іс-шара өткізілген. Сонымен қатар, 8 800
080 22 26 арнайы тегін желі қызметі жұмыс істейді.

 

Нұрбек
Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз