Террорлық актілер туралы видео жіберуге болатын сайтты іске қосты

667

0

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтты іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.

Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<