Той жасаған тұрғын 83 мың теңге төлейді

1044

0

Карантин талаптарын сақтамай той жасаған қазалылық әкімшілік жазаға тартылды.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы оған 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде, яғни 83340 теңге айыппұл салды.

Әйтеке би кентінде той жасаған азаматты аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ 20 шілде күні анықтады. Аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнына шақыртылып, аталған дерек бойынша той иесіне хаттама толтырылды.

Сб ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<