Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйекте ашылады

648

0

Түркия мен Қазақстан арасында әуе рейстері 1 қыркүйектен бастап ашылады, – деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Әуе рейстерінің 1 қыркүйекте ашылатыны туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоглу жұма күні мәлімдеді.

Басылымның хабарлауына қарағанда, Түркия 92 мемлекетпен әуе рейстерін қайта ашу туралы келіссөз жүргізген.

Еске салайық, бұған дейін МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Қазақстаннан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашу жоспарланғанын айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<