Ұлттық банк «теңге – доллар» сауда-саттығының регламентін өзгертті

5576

0

BAQ.KZ. 2022 жылғы 9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. 

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық биылғы жылғы 

9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды. 

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<