Ұстазға мың тағзым

390

0

Қалалық білім бөлімінің қолдауымен Бірқазан елдімекеніндегі №145 орта мектепте қалалық білім бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Мылтықбай Байымбетовтің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Мерейтойға қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова, облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Ө.Шаменов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ермағанбетова, облыстық білім басқармасы ардагерлер ұйымының төрағасы Ғ.Бекенов қатысты.

Онда қалалық білім бөлімі ардагерлер кеңесенің төрағасы, ардагер- ұстаз Мылтықбай Мұстафаұлының өмір жолынан шағын қойылым көрсетіліп, іс-шараға қатысушыларға тәлімді, тәрбиелі, нанымды, сол кезеңді көз алдына әкелердей, үлгі боларлықтай дүние ұсынылды. Әсіресе, іс- шараға қатысқан жастарға оның берер тәрбиесі өте зор.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары А.Қасымова мерейтой иегері Мылтықбай Мұстафаұлын құттықтап, қала әкімінің арнайы Құрмет грамотасы мен сыйлығын табыстады.

–Мен Мылтықбай ағаның білім саласында жасаған еңбегінің зор екенін жақсы білемін. Бұл кісі кезінде қала маңындағы «Тоғанды балық өсіру» шаруашылығындағы орталау мектепте әуелі мұғалім, содан соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Осыдан кейін осы Бірқазан елді мекенінде ол кезеңде №101 сегіз жылдық мектеп болатын. Содан осы мектепке алғаш директор болып тағайындалды. Міне, Мылтықбай аға бірден осы ауылға келісімен сол кездегі өте ескі ғимаратты ауыл халқын ұйымдастыра отырып, оны ел болып күрделі жөндеуден өткізеді. Содан кейінгі күрделі мәселе, ауыл тұрғындарының санын арттыру болатын. Бұғанда ағамыз барынша күш салып, сөйтіп, жыл сайын оқушылар санын арттыра отырып, кейіннен мектептің жаңадан салынуына ықпал етті, – деді ол.

Мұнан кейін сөз алған қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов ардагер-ұстаздың өнегелі өмір жолына қысқаша тоқталып, шара аясында ұйымдастырылған «Ұстазға мың тағзым» атты шығармашылық жұмыстар байқауын қорытындылады. Онда үздік атанған ауыл мұғалімдері марапатталды.

Мұнан соң ауыл мектептері арасында мәнерлеп оқудан өткен байқау жеңімпаздары марапатталды. Шара соңында ардагер-ұстаз Мылтықбай Байымбетовке қалалық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы атынан он күн тегін демалуға жолдама беріліп, кеш соңы ән-жырмен айшықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<