Қызылордалық құтқарушылар марапатталды

260

0

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ.Ақсақаловтың атынан өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хатта су тасқыны кезінде тұрғындар ішінде алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін құтқарушылар тобына алғыс айтып, зор денсаулық, жетістік және қызметте өркендеуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге салсақ, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, сонымен бірге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде жедел әрекет ету мақсатында 2018 жылдың 5 сәуірінде Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан құралған күш-құралдар Солтүстік Қазақстан облысына жолға шықты.

Күш тобы су соратын 6 мотопомпа, 14 тәулікке жететін азық-түлік, жанар-жағар май материалдары, спутниктік байланыс, цифрлы радиостанция, 3 резеңкелі моторлы қайық секілді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.

2018 жылдың сәуір айының 6 мен 14 аралығында құтқару тобы Солтүстік Қазақстан облысының Тайыншы ауданы тұрғындарының арасында профилактикалық жұмыстарын  жүргізді. «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясы аясында қызылордалық құтқарушылар Тайыншы ауданындағы И.М.Бережный атындағы орта мектептің Келлерлік оқушыларымен кездесті. Іс-шара барысында құтқарушылар су тасқыны және су басу кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары туралы айтты, құтқару құрал-жабдықтарын, гидравликалық құралдарды, резеңке моторлы қайықты, сүңгуір жабдықтарын көрсетті, балаларға Солтүстік Қазақстан облысына келгендегі негізгі мақсаты туралы айтты.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<