Жалағашта әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

593

0

Жалағаш ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу және таратпау мақсатындағы шаралар жалғасуда. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.


Аудан әкімінің тапсырмасымен адам көп шоғырланатын жерлер мен әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.


Бүгін Жалағаш кентіндегі орталық базар, «Бибігүл ана», «Ақниет» сауда дүкендерінің маңына, дәріханаларға т.б. бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға, тұрғындар жиі жүретін орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Мамандар ғимараттардың айналасын арнайы ерітіндімен залалсыздандырды.


Сондай-ақ, «Төрт түлік белгілері» ЖШС көмегімен кентішілік көшелерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<