Жалағаштың үздік жастарын білесіз бе?

677

0

Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов білім, ғылым, медицина, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, өнер мен спорт, басқа да салаларда белсенді еңбек етіп, қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалмайтын бір топ аудан жастарына «Жалын» жастар сыйлығын табыстады.

Жалағаш жастарының көшбасшысы, аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Серәлі Нарбота жастар саясатының жүйелі жүзеге асуына үлес қосып, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді қатысып жүр. Жаңашыл идеяларға жаны құмар жас бүгін әкімнің қолына «Қоғамдық қызмет» саласы аталымы бойынша жастар сыйлығын иеленді. Бұған дейін ол Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иеленген, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен наградталған.

«Журналистика» саласы бойынша марапта алған Ақнұр Бектай Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері. БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан ол аудан әкімдігінің ақпараттық саясатын дамытуға үлес қосып жүр. «Байланыс және ақпарат» қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Гүлжайна Әмірбек «Медицина» саласы бойынша мараптталды. Ол Жалағаш аудандық ауруханасының № 3 аймақтың екінші санаттағы жалпы тәжірибелі дәрігері. Әр уақытта жемісті еңбегі үшін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Жалағаш ауданы әкімінің алғыс хатымен. 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне орай аймақтық денсаулық сақтау саласының дамуы жолындағы адал қызметі үшін Жалағаш аудандық аурухана бас дәрігерінің алғыс хатымен марапатталған.

Жеңісбек Жақсыбек Жүсіпбекұлы – №13 Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы. Дзюдодан Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, жастар арасындағы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Еуропа Кубогінің 6 дүркін, Азия чемпионатының 3 дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Аида Жақан – Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Ол «Сынып жетекші – 2021» Республикалық онлайн-байқауының «Үздік азаматтық-патриоттық тәрбие» аталымы бойынша І Дәрежелі диплом иегері.

Дидар Өмірзақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 3 курс студенті. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Үздік жас ақын-2021» атты республикалық байқауының жеңімпазы. А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ақынның шығармаларын өскелең ұрпаққа наихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Алаштың Ахметі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасында ІІ орын иегері. Үздік студент ретінде сахнадан көрінді.

Бибінұр Көшербек – жас кәсіпкер. 2020 жылы «Балқаймақ» дүкенін ашып табиғи таза өнімдерін аудан халқына ұсынуда, сонымен қатар таза еттен шұжық өнімдерін шығаруда.

«Ауылшаруашылығы» саласы бойынша Шоқан Айбатыр үздік деп танылды. Ол Жаңадария ауылында бау-бақша өнімдері қауын, қарбыз, асқабақ егіп, ауыл тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынып келеді. Ауданда және Қызылорда қаласындағы жәрмеңкелердің қатысушысы.

Есет Қанатұлы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінің қоюшы-суретшісі, Қорқыт күйлерімен таныстыру мақсатында өткізілген «ЖАанкент-Қорқыт-Қобыз» атты облыстық қобызшылар байқауында жүлделі ІІ орын иегері.

«Білім және ғылым» саласы бойынша Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Эльмира Доспанова марапатталды. Ол жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану пәндері бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<