Жаңа сауда орталығы ашылды

495

0

Бүгін қала орталығында жаңа «Baiuzaq plaza» сауда орталығы ашылды. Салтанатты рәсімде сөз алған қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Жандарбекұлы жаңа орталықтың тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Аумағы 700 шаршы метрді құрайтын сауда орталығында 74 кәсіп иесі өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ, сауда орталығы ұйымдастыру- әкімшілік, қызмет көрсету салалары бойынша 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<