Жаңа түскен келін енесінің туған қызы болып шықты

571

0

Қытайдың Сучжоу қаласында тосын оқиға орын алды. Жаңа түскен келін енесінің туған қызы болып шықты.

Үйлену рәсімі кезінде күйеу жігіттің анасы қалыңдықтың қолынан 20 жыл бұрын жоғалтқан кішкентай қызынікіндей қалды байқайды. Әйел өзінің күдігін сейілту үшін қыздың ата-анасына бар шындықты жайып салуды жөн көреді. Өз кезегінде құда-құдағи қыздарын асырап алғанын, 20 жыл бұрын жол жиегінен тауып алғандарын мойындайды.

Енесі дегені шындығында өзінің туған анасы екенін білген қалыңдық бақыттан жылап жіберіпті. Өйткені бойжеткен әрдайым биологиялық ата-анасын тапқысы келіп, көп ізденген екен.

Бірақ екі жақ та тойдан бас тартпаған. Өйткені күйеу жігіт әйелдің өгей баласы болып шықты, ол жоғалған қызын таба алмай, сары уайымға салынғанда бала асырап алу туралы шешім қабылдапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<