Жаны жомарттың алақаны ашық

907

0

Қазіргі таңдағы бүкіл әлемді жаулап отырған пандемияға қарамастан, елімізде көмек қолын қажет етіп жатқан жандарға барынша жәрдемдесіп жүргендер қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, солардың арасында Шиелі ауданының бірқатар азаматтары бар.

Сәрсенбіде аудан әкімдігінде карантин талаптарын сақтай отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан әкімі Қамбарбек Мүбараковтың қатысуымен «Жомарт жүрек» атты құттықтау рәсімі өтті.

Жиын барысында «Жыл меценаты» номинациасымен аудандық «Мөлдір и К» фермасының директоры Насырбек Аябекұлы Мырзабеков, «Туған өлке» номинациясымен Ринат Оралсейітұлы Төренияз «АНГЕР» ЖШС директоры, «Жыл тұлғасы» номинациясымен Байсын ауылы, «Байсын» шаруа қожалығының төрағасы Аятжан Тәшімұлы Есжанов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Мейрамхан Мұсаханұлы Дүйсенов, «Ерен еріктілік» номинациясымен ерікті жас Нұрсұлтан Абибуллаұлы марапатталды. Одан бөлек «Жомарт жүрек» байқауына белсене қатысқан «ҚазГерМұнай» Біріккен кәсіпорын ЖШС-ның газды дайындау және тасымалдау цехының тауар операторы, «Нұрислам» шаруа қожалығының басшысы және де «Арман мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп­оры­нының директоры Нұргүл Шалекеева аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында аудан басшысы күллі әлемді дүрліктірген індет қауіптілігіне қарамастан, аудан орталығы мен елді мекендерді көркейту-сәулеттендіру жұмыстарының тоқтамағанын, «Жыл меценаты» атан­ған Насыр Мырза­бековтың жасаған қызметтеріне риза­шылығын білдіре отырып, аудан халқын сақтық шараларына бекем болып, ауызбіршілікте еңбек етуге шақырды.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<