Жеңіс күніне арналды

539

0

Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі акт залында Отан қорғаушылар күніне және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты жиналыс өткізілді. Жиналысқа ардагерлер кеңесінің төрағасы Маханбектов Дастанбек Ерімұлы және Ауған соғысы мен Ішкі істер органдарының ардагері Нуртазаев Ораз Асанханұлы арнайы шақырылып, естелік сыйлықтар мен құттықтау хаты табыс етілді. Қызмет өткеру барысында көзге қызметкерлер ҚР ІІМ-нің және Көліктегі ПД-нің медальдары мен грамоталарымен марапатталды. Салтанатты жиналыс барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде қызмет өткерген Ұлы Отан соғысы ардагерлері және олардың ерліктері туралы баяндама жасалып, патриоттық әндер орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<