ЖОЛ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЗОР

55

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс аумағында жолаушыларды және жүк тасымалы мәселесін талқылау мақсатында онлайн конфе­рен­ция болып өтті. Онда об­лыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының мін­­детін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов салада атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндады.

Айталық, облыс аумағында 212 елді мекенді құрайтын аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде ауданаралық (қалааралық) – 71маршрут, аудандық – 109 маршрут және қала ішінде 31 маршрут жолаушыларға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, облыс орталығынан  Астана, Алматы, Шымкент, Жез­қазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты ұйымдастырылған. Осы аталған бағыттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1645 дана автобуспен аймақ тұрғындарына қызмет жасайды.

Биылғы жылдың 9 айында шамамен 260,5 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға артқан. Сондай-ақ, осы кезеңде 66,6 млн тонна жүк тасымалданып, жалпы көрсеткіш 95 пайызды құраған болса, жүк айналымы  9050,5 млн тонна км, яғни 94,2 пайызды құраған. Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен демеу ретінде қаржыландырылып келеді. Бұл бағытта биылғы жылдың алты айында 9 млн теңге демеу қаржы игеріліп, жоспарланған қаржының 51 пайызын құрады.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезең­дік жобасы әзірленген бола­тын. Жобаның І кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен қалалық кластағы газомоторлы заманауи 20 автобус сатып алынды. Жобаның ІІ кезеңінде «Байқоңыр»  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласы әкім­дігі және Еуропалық даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана газомоторлы автобус алын­ды. Сонымен бірге, көгілдір отын өңдейтін шағын ­станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда. 2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы 112 жаңа автобус алынып, қазіргі таңда қаланың орталық маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының кө­лік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес алдағы жылдары біршама жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Сондай-ақ, облыс аумағындағы әуе көлігі және теміржол ­саласы бойынша атқарылып жатқан жұ­мыс­тардың барысы жайлы жан-жақты ақпараттар берілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына 28 тұрақты рейс орындалуда. Биылғы жылдың 9 айы бойынша болжаммен әуежайдан 81,1 мың жолаушы жөнелтілген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда, 108,7 пайызды құраған. Ал теміржол қатынасы бойынша бүгінгі таңда облыс аумағынан 18 жұп жолаушылар пойызы, оның ішінде мемлекетаралық 6 жұп пойызы қызмет көрсетеді. 2016 жылдан бастап ұйымдастырылған «Қызылорда-Жезқазған» теміржол қатынасы және осы жылдың шілде айынан қызмет көрсете бастаған «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағы­тындағы жолаушылар ­пойызы аймақ тұрғындары үшін өте қолайлы болып отыр.                                 

Ғ.ҚОЗЫБЕКҚЫЗЫ.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз