
«Біздің есебіміз бойынша ішкі нарықтағы импорттың үлесі өткен жылдың қорытындысы бойынша 37% құрайды. Ал, бұл үлес биылғы бағам өзгеруіне орай төмендейтін болады», – деді Ә.Смайылов.
Оның айтуынша, Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық Банкпен қолданатын шаралары инфляция деңгейін 6-8% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
«Тұрақтандырма қорларының жұмысын жандандыру бойынша тапсырмалар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының бағаларын бақылау күшейтілді. Бұдан өзге, экономикалық саясат бойынша Кеңес өткен жылдар деңгейінде 1,2 пайыздық пункт шегінде ТКШ реттелмелі қызметтердің салымы бойынша шекті бекітті», – деп басып айтты ол.