Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" басшысы болып тағайындалды

Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда Сауат Мыңбаев имденген деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңа басшыны ұжымға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Алик Айдарбаев әртүрлі жылдары "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ" компаниясының (кейін атауы "Торғай Петролиум" ЖАҚ деп өзгертілді), "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да баcшылық қызметтерде болған.
2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Бас директоры болса, 2013-2017 жлдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Ал 2018 жылдың 15 қаңтарынан "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
БИЛІК 20 қараша 2018 г. 6 506 0