Мемлекет басшысы «Нұр Астана» мешітіне барды

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.

Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан Прези­денті оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

– Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттық­тай­мын. Аспанымыз ашық, жақ­сылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! – деп тіледі Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Прези­денті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.

БИЛІК 06 маусым 2019 г. 1 091 0